Құқықтық қатынас субъектілерінің бірі болып табылатын
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР заңнамада белгіленген тәртіпте құрылу барысында және құқықтық
қабілетке ие болған күннен бастап білікті заңгерлік қызметті қажет етеді.
Заңды тұлғалар өзге құқық субъектілерімен іскерлік
қатынас қалыптастыру барысында түрлі құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді.
Осындай құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленуі үшін осы салада
әрекет ететін заңгердің көмегі керек.
Ұлттық құқық жүйесіндегі заңдарға жиі өзгертулер мен
толықтырулар енгізіліп отыруына байланысты, заңды тұлғаның қызмет ету кезінде
жасалатын құжаттарды жаңа заңдарға сәйкестендіру жұмыстарын жүйелі түрде
жүргізу қажет.
Бұл ретте
заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет түрлері:
Ø Қазақстан Республикасы заңдары бойынша құқықтық кеңестер
беру;
Ø заңды тұлғаның
келісім-шарттарына, құқықтық және құрылтай құжаттарына құқықтық талдау жүргізу;
Ø кадрлық қызметті
құқықтық сүйемелдеу;
Ø заңды тұлғаның құжаттау
және құжаттаманы басқару қызметін ұйымдастыру (іс жүргізу);
Ø құқықтық дауға талдау
жүргізу және оның заңды тұлға үшін нәтижелігі жөнінде қорытынды әзірлеу;
Ø кез-келген мәселелер
бойынша келісім-шарттар жобасын әзірлеу;
Ø заңды тұлғаның ішкі
нормативтік актілерін және ережелерін әзірлеу;
Ø сотта өкілдік ету;
Ø заңды тұлғаларды
мемлекеттiк тiркеу, қайта тіркеу және тарату үшін құжаттар дайындау және нақты
іс-шараларды жүзеге асыру;
Ø заңмен белгіленген өзге
де қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы заңдары бойынша құқықтық кеңестер
беру
Заңды тұлғаларға ҚР заңдары бойынша құқықтық кеңестер
беру екі нысанда жүзеге асырылады. Бұл заңды тұлғаны толғандырған мәселеге
қатысты тиісті заңнамалық актіге жүргізілген талдау негізінде әзірленетін
қорытынды түрінді ресімделеді. Мұндай мәселелер азаматтық, еңбек, салық және
әкімшілік құқық нормаларына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге
байланысты болуы мүмкін.
Мұның нәтижесінде заңды тұлғаның алдында тұрған мәселені
заңға сәйкес тиімді жолмен шешу әдістерін пайдалануға мүмкіндік туады.
Заңды тұлғаның келісім-шарттарына,
құқықтық және құрылтай құжаттарына заңгерлік талдау
жүргізу
Заңның жиі өзгеріске ұшырап отыратындығы бәрімізге мәлім.
Осы тұста заңды тұлғамен әзірленген және жасалуы жоспарланған құқықтық
сипаттағы және өзге де құжаттардың қолданыстағы заң нормаларына сай болуын
бақылап отыру қажеттілігі бар.
Осы ретте ЗАҢДЫТҰЛҒАНЫҢ келісім-шарттарына, құқықтық және құрылтай
құжаттарына заңгерлік талдау жүргізуарқылы
олардың қолданыстағы заңға қаншалықты сай екендігін және заңды тұлғаның
құқықтары мен заңды мүдделерінің қаншалықты қамтамасыз етілгенін анықтауға
мүмкіндік пайда болады.
Кадрлық қызметті құқықтық сүйемелдеу
Заңды тұлғаның ішкі нормативтік актілерін және ережелерін
әзірлеу
Еңбек заңнамасы жұмыс берушіге қарағанда жұмысшының
мүдделерін қорғауды көздеген.
Сондықтан жұмыс берушіге қызметкерді жұмысқа қабылдаудан
бастап еңбек қатынастарын тоқтауға дейінгі қатынастарды реттейтін құжаттардың
жасалуына, заң талаптарына салғырт қарау теріс әсерін тигізеді.
Сонымен қатар Жұмыс беруші еңбек заңнамасын жетік
білмеуінің салдарынан өндіріске тиімсіз, ұжымға сиымсыз, лауазымдық (еңбек)
міндеттерін тиісінше орындамайтын не тіпті орындамайтын, сондай-ақ
жауапкершілігі төмен қызметкерлермен еңбек қатынастарын амалсыз жалғастыру орын
алыпотырады.
Мұндай жағдайда Заңгерлік қызмет көрсету орталығы Сіздің (заңды
тұлға – жұмыс беруші) мүддеңіздің қорғалуын қамтамасыз ете отырып барлық еңбек
жөніндегі мәселелердің заң шеңберінде шешілуіне құқықтық көмек береді.
Кадрлық
қызметті құқықтық сүйемелдеу іс-шаралын жүзеге асыру кезінде мынадай қызметтер
көрсетіледі.
ØЗаңды
тұлғаның кадр қызметіне құқықтық талдау жүргізу арқылы оның заңға қайшы не
сәйкес емес тұстарын анықтайды. Мұның нәтижесінде қандай әрекеттер жүзеге
асырылуы қажеттігі белгіленеді;
ØҚР еңбек
кодексіне сәйкес Еңбек шарты жобаларын әзірлеу;
ØҚР
еңбек кодексіне сәйкес Ұжымдық шарт жобаларын әзірлеу;
Øштат
құрылымы және штат саны туралы құжатты әзірлеу;
Øқұрылымдық
бөлімшелердің ережелерін әзірлеу. Бұл құжат құрылымдық бөлімнің міндеті,
қызметі, құқықтары мен жауапкершілігі белгіленетін ішкі нормативті акті болып
табылады;
Øқызметкерлер
мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібін
белгілейтін Ішкі еңбек тәртіптемесін әзірлеу;
Øеңбек
демалысы кестесін (график) жасау;
Øжұмыс берушінің өзге де қажетті актілерін әзірлеу;
Øөзге
де қызметтер.
Заңды тұлғаның құжаттау және құжаттаманы басқару қызметін
ұйымдастыру (іс жүргізу)
Мемлекеттік, халықаралық стандарттар мен іс жүргізу
саласындағы нұсқаулықтар нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталған ІС
ЖҮРГІЗУ, ҚҰЖАТТАУқызметі қалыптаспаған
заңды тұлғаға өзінің қызметін ұтымды ұйымдастыру қиын.
Себебі сауатты дайындалған құжаттар ЗАҢДЫ ТҰЛҒА басшылары
берген тапсырмалар мен жоспарлардың қызметкерлер тарапынан сапалы, уақтылы әрі
толымды орындалуын қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты ЗАҢДЫ ТҰЛҒА үшін құжаттарды дайындау
барысында бірізділікті және іс құжаттарын жүргізу саласындағы сауатты іскерлік
қатынастар үрдісін қалыптастыру, сондай-ақ құжаттарды әзірлеумен айналысатын
қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажеттілігі туады.
Бұл ретте төмендегідей қызметтер көрсетіледі:
Øзаңды
тұлғаның іс жүргізу қызметіне талдау жүргізіп, оны жетілдіру амалдарын анықтау;
Øұйымдастырушылық-құқықтық
(жарғылар, ережелер, регламенттер, нұсқаулықтар, штат кестелері, штат саны мен
құрылымы және басқалар) құжаттарды әзірлеу;
Ø өкімдік (бұйрықтар,
шешімдер және басқалар) құжаттарды әзірлеу;
Ø анықтамалы-ақпаратты
(актілер, шарттар баяндау және түсініктемелік хаттар, қорытындылар, пікірлер,
тізбелер, хаттар, мәліметтер, келісімдер, тізімдер, анықтамалар және басқалары)
құжаттарды әзірлеу;
Øхат
және бұйрық бланкілерінің жобасын әзірлеп, жергілікті мұрағатпен келісу;
Øөзге
де қызметтер.
Кез-келген мәселелер бойынша келісім-шарттар жобасын
әзірлеу
Заңды
тұлға өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, құқықтық қатынастарға түседі. Бұл орайда өзге тұлғалармен
қарым-қатынасқа түсер алдында құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған құқықтық құжат - Келісім-Шарт жасалады.Өз кезегінде КЕЛІСІМ-ШАРТ тараптардың өз
міндеттерін тиісінше орындауын және құқықықтары мен заңды мүдделерінің
сақталуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан келісім-шарттарға немқұрайлы қарау оң әсерін
тигізбейді.
Бұған қатысты заңгерлік қызмет көрсету орталығы
кез-келген салада және кез-келген мәселелер бойынша сауатты келісім-шарт
жобасын әзірлеуге жәрдемдеседі.