Юридическая компания "Заң заңғары" Вторник, 06.06.2023, 08:30
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта

Наш опрос
Верите ли Вы в казахстанское правосудие?
Всего ответов: 86

Видео

Новости

Скоро на экранах
Скоро на экранах

Сегодня на экранах
Сегодня на экранах

 

Для физических лиц

 

 

Азаматтарға көрсетілетін құқықтық қызмет түрлері:

Ø құқықтық кеңес;

Ø құқықтық құжаттарды әзірлеу;

Ø қарыздарды қайтару;

Ø отбасы қатынастары;

Ø сотта өкілдік ету;

Ø мұрагерлік қатынастары;

Ø еңбек қатынастары;

Ø мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) байланысты құқықтық кеңес беру;

Ø өзге де құқықтық қызметтер.

 

Құқықтық кеңес кез-келген сұрақтар бойынша жүргізіледі. Бұл қызмет ауызша немесе жазбаша нысанда (қорытынды) көрсетіледі. Азаматты толғандырған мәселеге жүргізілген құқықтық талдау қорытынды нысанында әзірленеді.

Құқықтық талдау жүргізу барысында азаматты толғандырған мәселеге қатысты барлық мән-жайлар зерттеліп, оған қолданылуы тиіс материалдық және процессуалдық құқық нормалары анықталады және осылардың нәтижесінде азамат үшін ең тиімді шешімдер қарастырылады. 

Мысал әрекеттер:

Ø қарызға ақша беру кезіндегі кеңес;

Ø жылжитын немесе жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алу әрекеттерін ресімдеу кезіндегі кеңес беру;

Ø түрлі даулы мәселелер бойынша кеңес беру;

Ø тағы да өзгелер.

 

Құқықтық құжаттарды әзірлеу – бұл мемлекеттік органдарға жоданатын хаттар жобасын, азаматтар арасында туындайтын қарым-қатынастарды құқықтық реттеу үшін қажетті құжаттар (келісім-шарттар, т.с.с.) жобасын, құқық туралы даулар бойынша талап арыздар жобасын және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттар жобасын дайындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

 

Қарыздарды қайтару

 

Адамдар өмірінде несиеге ақша алуға мұқтаж ететін жағдайлар болып отырады. Мұндай несиелер уақытында қайтарылуы, кешіктірілуі немесе толық күйінде берілмеуі не тіпті қайтарылмауы мүмкін. Осыған байланысты білікті заңгерлік көмектің қажеттілігі пайда болады.

Мұндай кезде кеңес берумен қатар тиісті әрекеттер атқарылуы керек.

Олар:

Ø несиені қайтарту (қайтару)  мәселесі бойынша кеңес беру;

Ø борышкермен келіссөздер жүргізу;

Ø сот төрелігіне жүгіну мақсатында талап арыз дайындау;

Ø талапты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;

Ø сот актісін алғаннан кейін (бақылау немесе тікелей араласу нысанында) орындау өндірісі бойынша әрекетер жасау болып табылады.

 

Отбасы қатынастары

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ОТБАСЫ - ол некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Отбасы қарым-қатынастарының барлық сатыларында құқықтық маңызға ие әрекеттер жасау қажеттілігі туындап отырады.

Осы ретте төмендегідей қызметтер көрсетіледі:

Ø некеге тұру кезінде Сіздердің талаптарыңыз ескерілген білікті неке шартының жобасын әзірлеуге жәрдемдесу;

Ø сот тәртібімен некені тоқтату бойынша кеңестер беру;

Ø ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін екіжақты келісімге келу жолымен бөлу бойынша кеңес беру және ол жөнінде келісім-шарт жасау немесе бұл әрекеттерді сот тәртібі арқылы жүзеге асыру;

Ø ерлі-зайыптылар арасында алимент төлеу туралы келісім жасау немесе сот тәртібімен алимент өндіру;

Ø баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуын белгілеу жұмыстарын жүргізу;

Ø әкелікті сот тәртібімен белгілеу.

 

Сотта өкілдік ету

 

Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.

Сотта өкілдік ету - азаматтар мен заңды тұлғалардың сот төрелігі арқылы қорғану құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Сотта өкілдік ету қызметтері:

Ø құқық туралы дау бойынша істің мән-жайына құқықтық талдау жүргізу;

Ø іс бойынша құқықтық ұстанымды қалыптастыру;

Ø талап арызды дайындау және ұсыну;                                                                        

Ø өтімдерді дайындау және ұсыну;

Ø қарсы талап қоюды дайындау және ұсыну;

Ø талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында тисті іс-шараларды жүзеге асыру;

Ø талапкердің талап арызына пікір (қарсылық) білдіруді дайындау және ұсыну;

Ø сот өндірісінің барлық сатылары (апелляциялық, қадағалау және Жоғарғы сот) бойынша тиісті құқықтық құжаттарды әзірлеу және өкілдік ету;

Ø талаптар мен қарсылықтарды негіздейтін мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің шеңберін анықтау және ұсыну;

Ø өзге де заңмен қарастырылған қызметтер.

 

Сонымен қатар тиісті құжаттарды дайындау арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқық туралы дауларын тиімді шешуді сот процесіне тікелей қатыспай-ақ ұйымдастыру қарастырылады.

Бұл өз кезегінде сот процесіне тікелей қатысу үшін сотта өкілдік етуге қосымша шығын жұмсамау тұрғысынан азаматтар мен заңды тұлғаларға қаржылық жағынан ұтымды болып табылады.

 

Мұрагерлік қатынастар

 

Жақындарымыз өмірден озған кезде мұрагерлікті ресімдеу үшін заңгерлердің көмектері қажет болып отырады. Мұндай жағдайда мұрагерлікті ресімдеуді білікті мамандарға тапсыру жеңілдіктер әкеледі.  Бұл көптеген тиісті құжаттарды жинау жұмыстарын, тиісті органдарға жүгінуді және өзге де заңда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын әрекеттерді қамтиды.

 

Мұрагерлік қатынастар бойынша құқықтық кеңес беру, тиісті құжаттар топтамасын жинау және заңда белгіленген өзге де қызметтер көрсетіледі.

 

Еңбек қатынастары

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.

Өкінішке орай еңбек заңнамасының бұзылуы жиі орын алып отырады. Мұның алғы шарттарының бірі азаматтардың өз құқықтарын біле бермеуі. Сондықтан еңбек құқықтары бұзылған қызметкерлерге білікті маманның көмегі қажет.

Осы орайда біздің кеңес беру орталығында мынадай қызметтер көрсетіледі:

Ø бұзылған еңбек құқығы бойынша кеңес беру;

Ø заңдылығын тексеру мақсатында еңбек шартына талдау жүргізу;

Ø жұмыс берушімен келіспеушілік туған жағдайда қызметкердің мүдделерін білдіру және келіссөздерге қатысу;

Ø қызметкердің еңбек ақысын өтеттіру;

Ø жұмыс берушімен заңға қайшы қолданылған тәртіптік жазаны (материалдық жауапкершілікті) алып тастау бойынша әрекеттер жасау;

Ø еңбек даулары бойынша сотта өкілдік ету, талап арыздар дайындау;

Ø заңдарда белгіленген өзге де қызметтер. 

 

Мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) байланысты құқықтық кеңес беру

 

Қазақстан Республикаларының заңнамаларына сәйкес АЗАМАТ және ЗАҢДЫ ТҰЛҒА мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жағдайын пайдаланбауына, төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге көптеген шаралар жүргізілуде.

Алайда бұл күнге дейін мұндай мән-жайлар толық дерлік жойылды деп айта алмаймыз.

Осы орайда мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар және олардың лауазымды қызметкерлері тарапынан төрешілдік, лауазымдық жағдайын пайдалану, сөзбұйдаға салып сандалту әрекеттері орын алған жағдайда білікті мамандардың көмегі қажет болады.

Мұндай жағдайларда Заңгерлік қызмет көрсету орталығы Сіздің сұрақтарыңызды тиісті түрде заңға сәйкес шешуге жәрдемдеседі және құқығыңыздың қорғалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поиск

Время

Вход на сайт

Календарь
«  Июнь 2023  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Радио

Друзья сайта
  • Частные и корпоративные объявления в Казахстане и СНГ
  • газета "Загородная недвижимость" г. Алматы
  • Добровольное общество милосердия "ДОМ"

  • Зан Зангары

    Ссылки
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Рейтинг@Mail.ru Казахстанский обмен товаров Rambler's Top100

    Юридическая компания "Зан зангары" © 2023